Phygital Fighting

presented by KAZZINC

Бағыт

Phygital Fighting Fatal Fury: City of the Wolves

presented by KAZZINC

Форматы

Цифрлық және физикалық

Цифрлық кезең

Спортшылар консольдік файтинг ойынында бір-бірімен жеке сайысады. Матчтар 5 ойынның ішінен 3 жеңіске дейінгі жүйе бойынша өтеді (Best-of-5). Виртуалды аренадағы әрбір жеңіс спортшыға 2 ұпай береді. Осы кезеңнің нәтижелері октагондағы кезең үшін бастапқы ұпай қорын қалыптастырады.

Физикалық кезең

ММА ережелері бойынша октагондағы нақты жекпе-жектер. Бірқатар раундтар өткізіледі (4 минуттан 3 раунд), онда нәтижесі келесі жүйе бойынша бағаланады:

  • Мерзімінен бұрын жеңіс — 7 ұпай
  • Төрешілердің бірауыздан шешімімен берілген жеңіс — 6 ұпай
  • Бөлек шешіммен немесе көпшілік шешімімен берілген жеңіс — 3 ұпай.
  • Тең ойын — 1 ұпай.

Қатысушылар

4 спортшыдан тұратын командалар

Негізгі ережелері

Жарыс форматы

Әр команда салмақ дәрежелерінің бірінде бір атлеттен шығарады. Ұйымдастырушылар жекпе-жек жұптарын әр атлет өз салмағындағы қарсыласымен цифрлық кезеңде де, физикалық кезеңде де кездесетіндей етіп бөледі.

Екі кезеңдегі барлық жекпе-жектің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған команда жарыстың жеңімпазы болып танылады.

Алдымен жауынгерлер цифрлық кезеңде жарысады, содан кейін олар октагонға шығады. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайлар тең болған жағдайда жеңімпаз жарыс регламентінде көзделген қосымша көрсеткіштер бойынша айқындалады.