Медиа орталығы

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АККРЕДИТТЕУ

Болашақты бізбен бірге жария етіңіз!

«Болашақ Ойындары 2026» (The Games of the Future 2026, GOTF 2026) – цифрлық және физикалық белсенділікті бірыңғай жарыстық экожүйеге біріктіретін фиджитал-спорт әлеміндегі ең ірі халықаралық мультиспорттық турнир.

«Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) Астана қаласында 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Халықаралық клубтарға, сондай-ақ технологиялық брендтерге біріккен 50-ден астам ұлттың 800-ден астам қатысушысы және мыңдаған көрермен жаңа буын жарыстарының 12 күніне Қазақстан астанасында жиналады.

Аккредиттеу іс-шара барысында нысандарға баратын барлық БАҚ өкілдері үшін міндетті болып табылады.

Аккредиттеуді кім ала алады

  • Баспа және онлайн БАҚ
  • Фотографтар / видеооператорлар
  • Телевизиялық және хабар таратушы БАҚ
  • Ақпараттық агенттіктер
  • Контент-мейкерлер (стримерлер, блогерлер)
  • Фриланс-журналистер – портфолио негізінде

Аккредиттеу санаттары

«Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) үш санатты бөліп көрсетеді. Жоспарланған жарияланымдарыңызға сәйкес келетінін таңдаңыз:

  • Медиақұқықтар бойынша лицензияланған серіктес:
    Медиақұқықтар туралы келісімге құқық иеленушімен қол қойған телехабар тарату компаниялары, цифрлық стриминг платформалары және OTT-қызметтері. Лицензиялық келісім шарттарына сәйкес жұмыс істейді.
  • Трансляция құқығынсыз аккредиттелген БАҚ:
    Баспа БАҚ, фотографтар, ақпараттық агенттіктер және іс-шараны редакциялық мақсатта жариялайтын телевизиялық жаңалықтар командалары. Жарыстарды тікелей эфирде көрсетуге және сигналдарды қайта таратуға рұқсат етілмейді.
  • Бекітілген стримерлер / стриминг бойынша серіктестер:
    Материалдарды тікелей эфирде немесе шамалы кешігумен тарататын контент жасаушылар мен стримерлер. Ұйымдастырушылар мен медиақұқық иеленуші тарапынан жеке мақұлдауды талап етеді.

Өтінімді қалай беруге болады

Ресми нысанды «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) медиапорталы арқылы жіберіңіз: Аккредиттеуге сілтеме

Аккредиттеу процесі екі кезеңнен тұрады, олардың өтуі сіздің жұмыс форматыңызға байланысты.

  • 1-кезең: Бастапқы өтінім. 
    Медианың жауапты тұлғасы (супервайзер) БАҚ-ты тіркеуге өтінім береді және ұйымдастыру комитетінің оны тексеру нәтижелерін күтеді. 

  • 2-кезең: Аккредитацияға өтінімдер беру. 
    Егер ұйымның бастапқы өтінімі расталса, супервайзердің электрондық поштасына аккредиттеу жүйесінің жеке кабинетіне кіру үшін сілтеме келеді. Бұдан әрі супервайзер аккредитацияны қажет ететін өз компаниясының әрбір өкіліне дербес сауалнама толтырады.

Назар аударыңыз: дербес сауалнамаларды толтыру кезінде қатысушылардың жеке электрондық пошта мекенжайлары мен ұялы телефон нөмірлерін көрсету өте маңызды.

Өтінімдерді қабылдау немесе қабылдамау және/немесе аккредитацияны қайтарып алу туралы түпкілікті шешімді Ұйымдастырушы қабылдайды. Ұйымдастырушы себептерін түсіндірместен БАҚ-ты немесе оның жекелеген өкілдерін аккредиттеуден бас тарту құқығын өзінде қалдырады.

Мерзімдер

«Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 10 шілдені қоса алғанға дейін ашық. 2026 жылғы 10 шілдеден кейін жіберілген өтінімдер қаралмайды және қабылданбайды.

Аккредиттелген БАҚ үшін не қолжетімді

  • Жұмыс орындары, ақпараттық тірегі, интернетке қолжетімділігі бар медиаорталық
  • Баспасөз конференцияларына арналған зал
  • Фото- және видео түсіруге арналған орындар
  • БАҚ-қа арналған трибуналар (регламентте көзделген жерлерде)
  • Матчтан кейінгі сұхбаттарға арналған микст-аймақтар
  • Ресми шаттл бағыттары бойынша көлік

Нысандарда жұмыс істеу ережелері

  • Фото- және видео түсіру тек редакциялық мақсатта рұқсат етіледі
  • Жарыс кезінде жарқылдарды (вспышка) және қосымша жарықтандыру жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады
  • Дресс-код ұсынылады: ашық элементтері мен логотиптері жоқ қара түсті киім
  • Барлық кәсіби жабдық міндетті түрде декларациялануға және тексерілуге жатады
  • «Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) барлық нысандарында дрон қолдануға тыйым салынады
  • Тиісті рұқсатсыз және медиақұқықтарсыз жарыстарды тікелей трансляциялауға тыйым салынады

«БОЛАШАҚ ОЙЫНДАРЫ 2026» (GOTF 2026) ЖАРИЯЛАУҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?

Аккредиттеуге өтінім беру

БАҚ-қа арналған материалдар

БАҚ аккредиттеуі бойынша FAQ

«Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) іс-шарасында жұмыс істеу үшін аккредиттеуден өту міндетті ме?

Иә. Аккредиттеу «Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) аясындағы нысандарда және ресми іс-шараларда жұмыс істеуді жоспарлап отырған барлық БАҚ өкілдері үшін міндетті болып табылады. 

Аккредиттеуге қалай өтінім беруге болады?

Өтінім онлайн, аккредиттеу терезесі арқылы мына сілтеме бойынша беріледі: Аккредиттеу

Нысанды толтырып, қажетті құжаттарды жүктегеннен кейін, өтінім медиа-қызмет пен ұйымдастыру комитетінің қарауына түседі.

Өтінімдер қай мерзімге дейін қабылданады?

БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 10 шілдені қоса алғанға дейін ашық. Бұл күннен кейін жіберілген өтінімдер қаралмайды және қабылданбайды.

Редакциядан ұжымдық өтінім беруге бола ма?

Иә. Редакцияның бір өкілі «Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) іс-шарасында жұмыс істейтін бірнеше қызметкерді көрсете отырып, әр өкіл туралы толық ақпарат берген жағдайда өтінім бере алады.

Өтінім беру аккредиттеу алуға кепілдік бере ме?

Жоқ. Әрбір өтінім қарастырылады. Ұйымдастырушылар талаптарға сәйкес келмеген жағдайда немесе БАҚ үшін орындар саны шектелгенде аккредиттеуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Өтінім жібергеннен кейін деректерді өзгертуге бола ма?

Деректерді түзету немесе редакция өкілін ауыстыру қажет болған жағдайда, медиақызметке көрсетілген байланыс деректері бойынша қажетті өзгерістерді сипаттап хабарласу керек.

Егер өтінім бойынша растау алмасам не істеуім керек?

Егер растау орынды уақыт ішінде түспесе, «Спам» қалтасын тексеріп, содан кейін БАҚ атауын және өтінім берілген күнін көрсете отырып, медиақызметке көрсетілген байланыс деректері бойынша хабарласу ұсынылады.

Аккредиттеу «Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) барлық нысанына тарала ма?

Санат пен қолжетімділік деңгейі аккредиттеу түріне байланысты және аккредиттеу бейджінде көрсетіледі. Қолжетімділік ережелері аккредиттеу расталған кезде медиақызметпен түсіндіріледі.

Кәсіби жабдықтарға бөлек декларация толтыру керек пе?

Иә. Кәсіби жабдықты (камералар, объективтер, жарықтандыру және басқа техникалық жабдықтар) әкелу және шығару кезінде жабдықты декларациялаудың белгіленген нысанын толтырып, онда көрсетілген нұсқаулықты орындау қажет. Құжатты «БАҚ үшін қосымша материалдар» бөлімінен жүктеп алуға болады.

«Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) іс-шарасында БАҚ өкілдерінің жұмыс ережелерімен қай жерден танысуға болады?

2026 жылы Астана қаласында өтетін «Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) халықаралық мультиспорттық турнирінде БАҚ өкілдерінің жұмыс істеу ережелерін «БАҚ үшін қосымша материалдар» бөлімінен жүктеп алуға болады. Құжатта аккредиттелген БАҚ-тың нысандарда жұмыс істеуіне, қолжетімділік тәртібіне, түсіруге және контентті пайдалануға қойылатын талаптар қамтылған.

БАҚ үшін байланыс деректері

  • Жергілікті БАҚ-қа арналған баспасөз қызметі – «Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026)
    pr@kazsportinvest.kz
    Байланыс тұлғасы: Айлана Есбол
  • Халықаралық баспасөз қызметі - «Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026)
    press@phygitalinternational.com
    Байланыс тұлғасы: Анастасис Карамусадакис

Ойындар дирекциясының кеңсесі

  • info@kazsportinvest.kz
    Ынтымақтастық және ұйымдастыру мәселелері бойынша