Титул үшін тартыс: Wilders «Болашақ ойындарының» екі дүркін жеңімпаздарын ұтып, Phygital Basketball финалында $100 000 жеңіп алды
АСТАНА, 2026 жылғы 3 тамыз. «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazynaхалықаралық турниріндегі Phygital Basketball presented by Halyk Fund пәнінің финалы сенсациямен аяқталды. «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің паркетінде Wilders командасы «Болашақ ойындарының» екі дүркін жеңімпазы, LIGA PRO TEAM ұжымын тоқтатты. Интрига соңына дейін сақталды, бірақ үміткерлер қоссайыстың екі бөлігінде де фавориттерден техникалық жағынан мықтырақ болып шықты. Финалдың қорытынды есебі, Wilders пайдасына 36:26.
Шешуші матчтардың аналитикасы:
- Финал цифрлық кезеңде жоғары қарқынмен басталды. Wilders ойыншылары виртуалды симуляторда өз тактикасын сәтті қолданып, 19:16 есебімен басымдыққа ие болды.
- Физикалық паркетке өту шешуші кезең болды. Wilders қатаң қорғаныс құрып, себет астында үстемдік етті және нақты алаңда атақты қарсыластарын 17:10 есебімен ойсырата жеңді.
- Үшінші орын үшін матч та тартысты өтті. Dangerous командасы 39:36 есебімен аяқталған ауыр текетіресте Triada құрамынан қола жүлдені жұлып алды.
- Виртуалды алаңда Triada құрамы сәл дәлірек әрекет етіп, цифрлық кезеңді 19:18 ең аз басымдықпен жеңіп алды.
- Үшінші орын үшін серияның тағдырын физикалық төзімділік шешті. Dangerous нақты кортта қарқынды күшейтіп, қарсыласынан 21:17 есебімен басым түсті және қорытынды жеңісті қанжығасына байлады.
«Біздің командадағы ең бастысы, бұл химия, соңына дейін күресуге дайын болу және бір-бірімізді қорғай отырып, бапкердің нұсқауларын бұлжытпай орындау, - деп пікір білдірді жеңіс туралы Wilders командасының атлеті Сергей (AcademiK) Козлов. - Біз LIGA PRO TEAM ұжымымен цифрлық кезеңде тең ойын болатынын түсіндік. Физикалық бөлік өте қиын болды, мұнда бар-жоғы үш минут ішінде шаршайсың. Бірақ біздің мерген Сэм өз ісін жасады, оған қорғаныста кім тұрғаны маңызды емес, ол жай ғана лақтырады және дәл тигізеді. Біз бар күшімізді салдық, бұл жолы сәттілік біздің жағымызда болды».
Пәннің 16 қатысушысы арасында жүлде қорын бөлу:
- 1 орын: Wilders - 100 000 доллар.
- 2 орын: LIGA PRO TEAM - 60 000 доллар.
- 3 орын: Dangerous - 35 000 доллар.
- 4 орын: Triada - 25 000 доллар.
- 5-8 орындар - 20 000 доллардан.
- 9-12 орындар - 15 000 доллардан.
- 13-16 орындар - 10 000 доллардан.
Жалпы жүлде қоры 4,65 миллион долларды құрайтын «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирі Астанада 9 тамызға дейін өтеді. Ұйымдастырушы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен «Қазспортинвест» АҚ.
Жарыс бағдарламасы жалғасуда. 4 тамыздан бастап Phygital Football UFL, Phygital Shooter CS 2 және MOBA Mobile MLBB бойынша турнирлер басталады. Phygital Dancing бойынша жарыстар 6-7 тамызда, ал Phygital Fighting бойынша 8 тамызда өтеді.