Жаңалықтар

Қазақстандық Rune Eaters клубы «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирінде MOBA PC Dota 2 бойынша жартылай финалда Yakult Brothers командасымен ойнайды

Поделиться

АСТАНА, 4 тамыз 2026 ж. - Халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінде MOBA PC Dota 2 presented by Centercredit дисциплинасы бойынша ширек финал кезеңі аяқталды. Қазақстандық Rune Eaters ростері кубок үшін күресті жалғастыруда.

Кеше, 3 тамызда, Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Rune Eaters LGD.Pinghu ұжымына қарсы серияны 2:0 есебімен аяқтап, жартылай финалға сенімді түрде өтті.

Бүгін біздің команданың келесі қарсыласы анықталды. Ол тартысты матчта VICI GAMING командасын 2:1 есебімен жеңген қытайлық Yakult Brothers клубы.

Rune Eaters пен Yakult Brothers арасындағы екінші жартылай финал бүгін, 4 тамызда, Астана уақытымен 19:00-де өтеді. Өтетін орны өзгеріссіз қалды - Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының орталық аренасы. Бұл кездесудің жеңімпазы турнирдің гранд-финалына шығады.

Rune Eaters клубы 2022 жылы құрылған және Қазақстанның намысын қорғап, халықаралық аренада тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді. Кезінде ұйым әлемдік рейтингте 13-ші орынға жетті, бұл оның мықты әрі өршіл ұжым екенін растайды.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турниріндегі Rune Eaters құрамы:

  • Әлім «aik» Беспаев
  • Абдималик «Malik» Сайлау
  • Айбек «naive-» Тоқаев
  • Никита «Nicky`Cool» Остахов
  • Даниал «xsvampire» Әлібай

  • Турнир ұйымдастырушысы: ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазспортинвест» АҚ.
  • Титулдық демеуші: Samruk-Kazyna АҚ.
  • Ресми демеуші: Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры Sportqory