Phygital Contenders жеңімпазы ACF & Allur командасы Oeste SP-ді 3:0 есебімен жеңді
АСТАНА, 4 тамыз 2026 жыл - Phygital Contenders Astana 2026 біліктілік турнирінің жеңімпазы, қазақстандық клуб ACF & Allur «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna өтіп жатқан халықаралық турнирінің топтық кезеңінде Oeste SP командасын 3:0 есебімен жеңді. Матч Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna тәртібі бойынша өтті.
Кездесудің цифрлық бөлігінде қазақстандық команда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Футбол алаңында ACF & Allur жауапсыз екі доп соғып, басымдығын нығайта түсті. Матчтың қорытынды есебі 3:0 болды.
Oeste SP, Сан-Паулуда орналасқан 7x7 футболдан жетекші командалардың бірі. Оның құрамында тәжірибелі Fut7 ойыншылары, соның ішінде халықаралық деңгейде өнер көрсету тәжірибесі бар спортшылар мен ірі медиатурнирлерге, оның ішінде Kings League-ге қатысушылар ойнайды. Команда негізгі турнирге Phygital Contenders Astana 2026 арқылы жолдама алды.
ACF & Allur ойыншысы Тимур Ращев команданың жарысқа бір айға жуық дайындалғанын, күн сайын цифрлық форматтағы жаттығуларға бес-алты сағат бөлгенін айтты.
«Мен үшін физикалық кезең қиынырақ, өйткені алаңда біз шаршаймыз, ал консоль алдында шаршамаймыз. Маған киберспорт жақынырақ, себебі біз киберспортшыларды футбол ойнауға үйреткен жоқпыз, футболшыны консольде ойнауға үйреттік. Phygital Contenders осындай форматтағы алғашқы тәжірибем болды. Біз оны жеңдік, енді негізгі турнирде де жеңіске жетеміз деп үміттенеміз», - деді ол.
Цифрлық кезеңнің шарттарына түсініктеме бере отырып, Ращев команданың техникалық қиындықтарға тап болмағанын атап өтті.
«Бізде бәрі дұрыс болды. Ереже барлығына ортақ, оларды сақтау қажет. Ереженің аты ереже», - деп баса айтты ойыншы.
- Турнир ұйымдастырушысы: ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазспортинвест» АҚ.
- Титулдық демеуші: Samruk-Kazyna АҚ.
- Ресми демеуші: Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры Sportqory