Жаңалықтар

PlayTime Dota 2 бойынша чемпион атанды, футбол алаңындағы тартысты бетбұрыстар және CS2-дегі тактикалық басымдық: Астанадағы «Болашақ ойындары 2026» турнирінің сегізінші күнінің қорытындысы

Поделиться

АСТАНА, 5 тамыз 2026 ж. - «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирінің сегізінші жарыс күні аяқталды. Турнир шешуші кезеңге өтіп, Dota 2 дисциплинасында алғашқы чемпион анықталды, ал MLBB, Phygital Shooter және Phygital Football бойынша командалар плей-оффтың келесі кезеңдері алдында позицияларын нығайтты.

MOBA PC Dota 2 presented by Centercredit 

PlayTime командасы best-of-five форматындағы финалда Yakult Brothers ұжымын 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, өз өнерін абсолютті триумфпен аяқтады. Бірінші орын үшін ұжым 350 000 доллар алса, Yakult Brothers 160 000 долларға ие болды.

Үшінші орын үшін өткен матчта Team Resilience қазақстандық Rune Eaters құрамын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Бірінші карта 34 минут 15 секундта аяқталса, екіншісі 28 минут 38 секундты алды. Team Resilience үшінші орын үшін 120 000 доллар еншілесе, төртінші сатыға тұрақтаған Rune Eaters 70 000 доллар алды.

Team Resilience ойыншысы Конгбо «Niu» Ли жеңісті егжей-тегжейлі талдады:

«Бұл команда ретінде қол жеткізген ең жақсы нәтижелеріміздің бірі. Мен ойыннан үлкен ләззат алдым. Бірінші ойында екі командаласымның айтарлықтай басымдыққа ие болғанын естіген сәтте-ақ, матчты сенімді түрде аяқтай алатынымызды түсіндім. Екінші ойында біз олардың Sand King-ін орталық желіде бірнеше рет өлтіргеннен кейін, жеңіс біздікі болатынына көзім жетті».

Қорытынды төртінші орын алған Rune Eaters ұжымы эмоционалдық спадқа тап болды. Команда ойыншысы Әлім «aik» Беспаев LGD.Pinghu командасынан басым түскен алдыңғы жеңіс шарықтау шегі болғанын, одан кейін құлдырау басталғанын атап өтті:

«Ең күшті қарсыластар саналатын LGD.Pinghu-ды жеңген кезде ең керемет эмоцияларды бастан кешірдік. Біз жеңіске деген құштарлықпен жанып тұрдық. Yakult Brothers-ті де жеңе аламыз деп ойладық, бірақ бәрі жоспар бойынша болмады. Кеше олардан ұтылғанымыз бәрімізге ауыр тиді. Бүгін біз LGD.Pinghu-дан кейінгідей сергек болмадық».

Phygital Shooter CS 2 presented by Yandex GO 

Team KZ командасы қатаң тактикалық бақылау көрсетіп, Liga Pro Team ұжымын 2:1 есебімен ұтты. Цифрлық кезеңде Team KZ Mirage (13:2) және Dust2 (13:9) карталарын иеленіп, толық басымдыққа ие болды. Team KZ ойыншысы Руслан Боржиков команданың прагматикалық тәсілін былай түсіндірді:

«Біз турнир фавориттерінің біріне қарсы ойнадық, сондықтан Liga Pro-ға қарсы матчқа өте байыппен қарадық. Біздің дайын геймпланымыз болды. Барлық бөлшектерді ойластыра келе, мен ойынға дейін-ақ еш қиындықсыз жеңетінімізді түсіндім - кем дегенде CS-ке қатысты бөлігінде».

Физикалық кезеңде (лазертаг) Liga Pro Team жеңіспен жауап қатты, алайда, Боржиковтың айтуынша, Team KZ бұл кезеңді өздерінің тактикалық дайындықтарын сынау үшін саналы түрде пайдаланған:

«Лазертагта Liga Pro ойыншылары ең мықты саналады. CS-те екі картаны жеңгеннен кейін, біз жеңіске қадалып қалмай, тактиканы сынап, жаттығуды жөн көрдік. Нәтижесінде лазертагтағы шайқаста ұтылдық, бірақ біздің ойыншылар қорытынды жасады және егер болашақта Liga Pro-мен қайта кездесетін болсақ, міндетті түрде тойтарыс береміз».

Phygital Football UFL presented by Samruk-Kazyna 

Жергілікті UEL Team клубы FC 10 командасынан жалпы 2:1 есебімен маңызды жеңісті жұлып алды. Цифрлық кезеңде командалар 1:1 есебімен тең түсті, одан кейін UEL Team шынайы алаңда жалғыз гол соғып, басымдықты сақтап қалды. Амир «Amirr4iik» Желкибаев бастапқы жоспарды ойын барысында өзгертуге тура келгенін мойындады:

«Біз цифрлық бөлімде басымдық құрып, содан кейін футбол алаңында сабырлы ойнауды жоспарлаған едік. Бірақ сәл сәтсіздік болды - ойын жоспар бойынша өрбімеді. Біз физикалық бөлімді екінші тайм ретінде қабылдаймыз, есеп 0:0 деп елестетіп, жай ғана өз ойынымызды көрсетеміз».

Оның серіктесі Қасиет «Goalcyber» Онгарбек объективті сын қосты:

«Кеше оңай болған жоқ. Біз бірінші болып гол жіберіп алдық, бірақ екінші таймда есепті теңестірдік. Қателіктер болды, олармен жұмыс истейміз. Содан кейін команда алаңға шықты, және біздің футболшылар өздерінің мықты екенін дәлелдеді. Біз Аргентина командасымен ойнадық, өкінішке орай, пенальти сериясында есе жібердік. Нәтижесінде топтан үшінші орынмен шықтық. Бүгінгі цифрлық бөлімдегі нәтиже - бұл біздің деңгейіміз емес, өйткені біз жақсырақ ойнай алатынымызды білеміз. Біз өте көп дайындаламыз, күніне кем дегенде сегіз сағат».

Tamo Junto командасы жарыстағы ең жарқын өзгерісті жасап, Noname Club ұжымын 4:3 есебімен жеңді. Симуляторда 1:3 есебімен ұтылған бразилиялықтар көгалда жауапсыз үш доп соқты. Ойыншы Джонатас «mlkjhow» Де Кастро атап өтті:

«Біз үшін ең қиын міндет UFL бейнеойыны болды, өйткені бізде кәсіби киберспортшылар жоқ. Бірақ біз көп дайындалдық, сондықтан гол соғып, есепті 3:1 жасай алғандықтан, бұл айырмашылықты алаңда жоя алдық. Егер фавориттер туралы айтатын болсақ, біріншісі - бізбіз, ал екіншісі - Peñarol, олардың командасы өте мықты, олар бір отбасы сияқты».

Уругвайлық Peñarol ACF x Allur командасын 4:2 (цифрлық бөлімде 2:1, алаңда 2:1) есебімен жеңіп, бұл мәртебені бекіте түсті. Томас «Tom» Гауна ұжымның бірлігін баса айтты:

«Біз біртұтас командамыз және мұны күн сайын дәлелдеп келеміз. Біз ешкімнен қорықпаймыз, бірақ қарсыластарымызды құрметтейміз, өйткені ширек финал сатысында барлығы жоғары деңгейде өнер көрсететінін білеміз. Кез келген оппонент тамаша матчқа лайық болады. Бұл менің үшінші фиджитал-ойындарым, Астанадағы атмосфера барған сайын жақсара түсуде, бізді өте жылы қарсы алды».

MOBA Mobile MLBB presented by FREEDOM 

Bigetron by Vitality командасы күнді FUT Esports ұжымын 2:0 есебімен сенімді жеңумен бастады, олар карталарды тиісінше 14 минут 20 секундта және 12 минут 6 секундта аяқтады. Құрғақ есепке қарамастан, Эман «Emann» Сангко аналитикалық фокусты сақтап отыр:

«Біздің өнеріміз мінсіз болды деп ойламаймын, бірақ мінсіз матчқа жақындау үшін әр ойында барымызды саламыз. Бұл менің Қазақстандағы бірінші рет болуым, көрермендердің реакциясын асыға күтемін».

FUT Esports ойыншысы Мустафа Эге «Saiki» Акин жағдайды сабырлы бағалап, назарын болашақ ойындарға аударды:

«Бүгінгі матчта біз жеңілдік, бұл аздап көңілсіз, бірақ мен қарсы емеспін. Жай ғана ертеңгі басқа матчтарды күтемін. Мен өте қуаныштымын, өйткені сол командада менің достарым бар. Іс-шара тамаша өтуде, ертеңге сәттілік тілеймін».

Ертең, 6 тамызда, Phygital Dancing presented by Solidcore Resources бойынша жарыстар басталады, сондай-ақ Phygital Football, Phygital Shooter CS 2 және MOBA Mobile MLBB дисциплиналарында кезекті толық ойын күні өтеді.