Жаңалықтар

Польша MMA спортшысы және блогер Zusje Астанадағы «Болашақ ойындары 2026» турниріне келді

1 / 5
Поделиться

Польшалық MMA спортшысы, әртіс және блогер Zusje (Kamila Smogulecka) 8 тамызда Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары 2026» турнирінің арнайы қонағы болды. Instagram желісінде 3,3 миллионнан астам оқырманы бар Zusje Phygital Fighting Presented by Kazzinc жарысының шешуші жекпе-жектерін тамашалап, жанкүйерлерге арналған автограф-сессия өткізді.

Оның жанкүйерлермен кездесуі көпшіліктің назарын аударды. Автограф-сессияға көптеген көрермен жиналып, Zusje-мен жеке кездесіп, суретке түсіп, қолтаңба алу мүмкіндігіне ие болды.

Zusje үшін дәл осы спорт түріндегі жарысқа қатысуының өзіндік мәні бар. Себебі MMA оның өмірінде ерекше орын алған.

«Мен мұнда арнайы шақыртумен келдім және өте қуаныштымын, өйткені Қазақстанға келу менің ең үлкен армандарымның бірі еді. Ақыры сондай мүмкіндік туды. MMA менің өмірімнің ерекше бір бөлігі болды. Соның арқасында қазір осындамын және арманымды жүзеге асыра алдым. Мен өте бақыттымын», – деді Zusje.

Оның айтуынша, әзірге Қазақстанда тек Астананы көріп үлгерген. Алайда алдағы уақытта Алматыға баруды және Қазақстанға қайта оралуды жоспарлап отыр.

«Армандарыңызды жүзеге асырыңыздар. Өмірді өздеріңіз қалағандай сүріңіздер, өйткені ертең не болатынын ешқашан білмейміз», – деді ол.

Сол күні Phygital Fighting Presented by Kazzinc жарысының қорытындысы шығарылды. Archangel Michael командасы чемпион атанса, NEFOR TEAM екінші орынға, ал RCC үшінші орынға ие болды.