Жаңалықтар

Қазақстандағы спорттың жаңа дәуірі: Астанада «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирі аяқталды

1 / 7
Поделиться

АСТАНА, 2026 жылғы 9 тамыз. Қазақстан елордасында «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирі өз мәресіне жетті. 29 шілдеде басталған жарыс бүгін, 9 тамызда адамның физикалық мүмкіндіктері мен озық цифрлық технологияларды біріктірген марафонның жарқын нүктесін қойып, аяқталды. Жалпы жүлде қоры 4 650 000 долларды құрайтын бұл турнир еліміздегі фиджитал-спорттық іс-шаралардың ауқымы туралы түсінікті біржола өзгертті.

Финалдық күннің қорытындысы (9 тамыз)

Phygital Football presented by Samruk-Kazyna: NS Team жеңісі

Quetzales-Armadillos мен NS Team арасындағы чемпиондық матч нағыз төзімділік сынағы болды. Цифрлық кезең 1:0 есебімен Quetzales-Armadillos пайдасына шешілді. Нақты көгалға шыққаннан кейін NS Team жеңіске деген керемет құлшыныс танытып, физикалық бөлімді 3:2 есебімен ұтып алды. Негізгі уақыт 3:3 жауынгерлік тең есебімен аяқталды. Нәтижені мінез шешті, пенальти сериясында жүйкесі мықтырақ болған NS Team (4:3) аңсаған олжасын қанжығасына байлады. NS Team ойыншысы Эльбио Чаморро (Chamo) Пикко бұл камбэкті былай түсіндірді:

«Біз бір-бірімізге: қол қусырмаймыз, қысымды жалғастырамыз, өйткені соңғы секундқа дейін кез келген нәрсе болуы мүмкін дедік. Және бұл орындалды. Турнирдің цифрлық бөлігі мені нақты алаңдағы ойынға қарағанда үнемі көбірек алаңдатады. Біз Quetzales мықты екенін білдік, олардың өткен жылы чемпион болуы тегін емес, бірақ біз тыңғылықты дайындалып, сақадай сай болдық».

Үшінші орын үшін таласта Гватемаладан келген клубтың қарсылығын жеңген FC Olympic Phygital командасы жеңіске жетті. FC Olympic Phygital ойыншысы Сунатжон (Sunat) Анваров өз әсерімен бөлісті:

«Бұл команда үшін әрбір адам маңызды. Біздің киберспортшылар мен футболшылар бір бүтін, біз нағыз отбасы болдық. Турнир форматы айтарлықтай ерекше әрі күрделі, әсіресе цифрлық бөлігі. Бірақ командалық рух пен жүз пайыздық зейіннің арқасында біз бейімделіп, үшінші орынды иелендік. Біз бұл нәтижені мақтан тұтамыз және алдымызға одан да ауқымды мақсаттар қоюды жоспарлап отырмыз».

MOBA Mobile MLBB presented by FREEDOM: аренадағы шарықтау шегі

Матч 3-орын үшін: Aurora Gaming Selangor Red Giants командасына ешқандай мүмкіндік қалдырмай, қоланы сенімді түрде жеңіп алды (2:0). Карталар 14:39 және 13:23 ішінде өте жылдам ойнатылды.

Гранд-финал: Шешуші серияда ONIC пен Bigetron by Vitality кездесті. Bigetron by Vitality командасы кездесуді 3:1 есебімен аяқтап, чемпиондық атақты жеңіп алды.

Финал барысы: Bigetron by Vitality алғашқы екі картаны алды (18:09 және 15:40). ONIC бір картаның есесін қайтара алды (14:13), бірақ төртіншісінде (18:25) Bigetron by Vitality текетіреске нүкте қойды.

Турнирдегі жеңістен кейін Bigetron by Vitality командасының өкілі өз эмоциясымен бөлісіп, жанкүйерлерге алғысын білдірді.

«Мен өзімді өте бақытты сезінемін, бұл мен үшін алғашқы халықаралық олжа. Шынымды айтсам, мен мұндай нәтижені күтпедім, бірақ өз командам мен бапкеріме сендім - біз мұны еңсеретінімізді білдік. Бұл жеңіс біздің қажырлы еңбегіміз бен ойынға деген құмарлығымыз үшін өзіндік бонус болды. Турнир барысында бізді қолдаған барлық адамға, әсіресе Bigetron by Vitality жанкүйерлеріне алғыс айтқым келеді - мен сіздерді қатты жақсы көремін».

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna чемпиондары

1. Phygital Basketball presented by Halyk Fund
  • 1 орын - Wilders ($100 000)
  • 2 орын - LIGA PRO TEAM ($60 000)
  • 3 орын - Dangerous ($35 000)
2. MOBA PC Dota 2 presented by Centercredit
  • 1 орын - PlayTime ($350 000)
  • 2 орын - Yakult Brothers ($160 000)
  • 3 орын - Team Resilience ($120 000)
3. Phygital Dancing presented by Solidcore Resources
  • 1 орын - Franco Vitali ($20 000)
  • 2 орын - Lina ($15 000)
  • 3 орын - Sergio Mayta ($10 000)
4. Phygital Shooter CS 2 presented by Yandex GO
  • 1 орын - Team KZ ($50 000)
  • 2 орын - Liga Pro Team ($35 000)
  • 3 орын - Minsk House ($20 000)
5. Phygital Fighting presented by Kazzinc
  • 1 орын - Archangel Michael ($100 000)
  • 2 орын - NEFOR TEAM ($80 000)
  • 3 орын - RCC ($70 000)
6. Phygital Football presented by Samruk-Kazyna
  • 1 орын - NS Team ($150 000)
  • 2 орын - Quetzales-Armadillos ($85 000)
  • 3 орын - FC Olympic Phygital ($50 000)
7. MOBA Mobile MLBB presented by Freedom
  • 1 орын - Bigetron by Vitality ($315 000)
  • 2 орын - ONIC ($144 000)
  • 3 орын - Aurora Gaming ($108 000)
8. Battle Royale - PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank
  • 1 орын: 17 Gaming ($300 000)
  • 2 орын: GAM The Expendables ($120 000)
  • 3 орын: Team Vitality ($100 000)

Турнирдің маңызы мен мұрасы

Өткен «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирі классикалық жарыстар аясынан шықты. Қазақстан дәстүрлі спорт, киберспорт және заманауи технологиялардың тоғысында құрылған жаңа форматтағы халықаралық жобаны қабылдады. Турнирдің инфрақұрылымы мен ұйымдастырылуы әртүрлі елдерден келген көптеген спортшыларды, мамандарды, волонтерлерді және техникалық қызметкерлерді біріктірді.

Сандармен айтар болсақ, жобаны ұйымдастыруға 4 нысан, 528 ойын техникасы мен 500-ден астам ойын орны жұмылдырылды. Сегіз фиджитал-пән цифрлық жарыстарды шынайы спортпен біріктірді. Жобаның маңызды бөлігіне айналған 800 волонтердің жұмысын ерекше атап өткен жөн.

Бірақ сандардың өзі емес, олардың артында не тұрғаны әлдеқайда маңызды. «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna Қазақстанға жоғары технологиялық халықаралық іс-шараны өткізудің бірегей тәжірибесін берді. Киберспорт, IT, телехабар тарату, инженерия, логистика, қауіпсіздік және ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру саласында жаңа құзыреттер алынды.

Сонымен қатар, бұл Астананың дамуына және Қазақстанның туристік тартымдылығына қосылған орасан зор үлес. Әртүрлі елдерден келген спортшылар, командалар, жанкүйерлер мен мамандар Қазақстанды бай тарихы мен мәдениеті бар ел ретінде ғана емес, сонымен бірге ең күрделі халықаралық технологиялық жобаларды жүзеге асыруға қабілетті заманауи мемлекет ретінде көрді.

Ең бастысы, бұл тәжірибе Қазақстанда қалады. Мамандар, құрылған командалар, техникалық шешімдер және осындай ауқымдағы іс-шараларды қалай өткізу керектігі туралы түсінік қалады. «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінің басты қорытындысы, бұл сәтті өткен жарыстар ғана емес, ел ішінде құрылған адами, технологиялық және ұйымдастырушылық капитал. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жобаларды қабылдай алатыны және оларды өткізу алаңы ғана емес, болашақтың спорттық іс-шараларын құруда толыққанды ұйымдастырушы және серіктес бола алатыны дәлелденді.

Демеушілер мен ұйымдастырушылар командасына алғыс

Турнирдің титулдық демеушісі «Samruk-Kazyna» ұлттық әл-ауқат қорына SportQory қорының қолдауымен ерекше алғыс білдіріледі. Турнирді өткізу бас демеушілер: «Halyk» қайырымдылық қоры, Yandex Go, Freedom Holding Corp., Solidcore Resources, Alatau City Bank, CenterCredit банкі және «Казцинк» компаниясының қолдауымен мүмкін болды.

Ұйымдастыру комитеті жобаның ресми серіктестеріне: Beeline, BI Group, Транстелеком (TTC), Lancaster Group, «Казахмыс», «Казахтелеком», Air Astana және атсалысуы әлемдік деңгейдегі жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берген MUN Global компаниясына алғысын білдіреді.

Жарысты өткізуге өз үлесін қосқан әрбір адамға үлкен алғыс айтамыз. Энергиясы мен кішіпейілділігі әр локацияда қонақжайлылық атмосферасын құрған волонтерлерге шын жүректен рақмет. Күрделі инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен техникалық мамандарға, инженерлерге, IT-командаларға және трансляция режиссерлеріне рақмет. Жүздеген адамның үйлесімді жұмысының арқасында турнир жоғары деңгейде өтті.

Турнирді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазспортинвест» АҚ ұйымдастырды.