PHYGITAL CONTENDERS ASTANA 2026 ТАҢДАУ ТУРНИРІНІҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ
Топтық кезең «Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) жолдамалары үшін күрестегі алғашқы көшбасшыларды анықтады
2026 жылғы 10 маусымда Астанада «Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) турнирінің алдындағы финалдық іріктеу кезеңі болып табылатын Phygital Contenders Astana 2026 халықаралық таңдау турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Жарыстар «Алау» мұз сарайы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы және Comfort Hotel Astana алаңдарында басталды. Халықаралық клубтар үш фиджитал-дисциплина бойынша күреске кірісті: фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол және фиджитал-би.
АЛҒАШҚЫ КҮННІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ФИДЖИТАЛ-ФУТБОЛ
Алғашқы күн нәтижелердің өте тығыз екенін көрсетті. А тобында Team Cyprus клубы PANTHER PHYGX командасын 9:3 есебімен жеңіп, цифрлық кезеңде де, футбол алаңында басымдығын бекітті. Los Fieles клубы Lahore Athletics FC командасын приставкада 5:0 есебімен тас-талқан етті, бірақ Lahore Athletics FC командасы физикалық кезеңді тең аяқтай алды, қорытынды есеп - 7:2.
В тобында Oeste SP және FC Royal Haki симуляторда гол соққан жоқ, алайда паркетте Oeste SP 9:1 жалпы есебімен ірі жеңіске жетті. Noname Club командасы Skoljke Katic-тен 2:6 есебімен ұтылды, бұл клуб физикалық кезеңде жауапсыз 5 доп соғып, ойын ағымын толығымен өзгертті.
С тобында NS Team ең төменгі басымдықпен JR Style командасын 2:1 есебімен ұтты. MNK командасы цифрлық кезеңдегі жеңілістен кейін нақты газонда толық үстемдік көрсетіп, Misa Esports-ты 13:2 есебімен талқандады.
D тобында KMF Titograd симулятордағы жеңістен кейін басымдықты сақтап, FC Olympic Phygital командасымен 3:2 есебімен ойнады. ACF x Allur клубы FC Ararat-Armenia командасын 5:2 есебімен жеңді.
АЛҒАШҚЫ КҮННІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ФИДЖИТАЛ-БАСКЕТБОЛ
А тобында VOZDOVAC клубы қос кезеңде де үстемдік танытып, BOCA командасын 39:25 есебімен сенімді түрде жеңді. ZM NITUI командасы GEPCO-ға ешқандай мүмкіндік қалдырмай, матчты 40:15 есебімен аяқтады.
А тобының топтық кезеңінің екінші сатысында VOZDOVAC клубы тартысты матчта GEPCO командасын 40:23 есебімен жеңді. Команда басымдықты цифрлық кезеңде-ақ қамтамасыз етіп, кездесудің физикалық бөлігінде көшбасшылықты сақтап қалды.
Басқа матчта BOCA командасы Team Elites-ті қиян-кескі күресте 39:37 есебімен басып озып, ең төменгі басымдықпен жеңісті жұлып алды.
В тобында MINSK клубы TRIADA-дан 28:27 есебімен аз ғана басымдықпен озды, клуб цифрлық кезеңде қор жинап, корттағы қатаң прессинг кезінде көшбасшылықты ұстап тұрды. VALENCIA BASKET командасы ARENA BULLS-ты 37:23 есебімен жеңді.
Екінші кезеңнің В тобында MINSK клубы цифрлық және физикалық кезеңдерде тұрақты ойын көрсетіп, VALENCIA BASKET-ті 30:22 есебімен сенімді түрде ұтты. TRIADA да UZBEK HYPER HOOPS командасын 37:28 есебімен жеңіп, физикалық кезеңдегі мықты өнердің арқасында кездесудің барысын өзгерте алды.
БІЛІКТІЛІК КЕЗЕҢІ: ФИДЖИТАЛ-БИ
Бұл дисциплина цифрлық геймплей мен физикалық өнер көрсетуді біріктіреді. Біліктілік кезеңінде 11 фиджитал-атлет 1-ге 1 дуэльде бақ сынасты. Рейтинг үш раундтың ұпай қосындысы бойынша қалыптасты. Өнер көрсету қорытындысы бойынша ширек финалға өткен сегіздікке мыналар кірді:
- Susan Huertas (39 401 ұпай)
- Sergio Mayta (39 199 ұпай)
- Andres Guardo (39 126 ұпай)
- Sagdi (38 974 ұпай)
- Viagonce (38 930 ұпай)
- Luis Carlos Soto (38 545 ұпай)
- Atakan Eren (38 394 ұпай)
- Lala Gevorgyan (37 040 ұпай)
11 маусымда ширек финалда Susan Huertas пен Lala Gevorgyan, Sagdi мен Viagonce, Andres Guardo мен Luis Carlos Soto, Sergio Mayta мен Atakan Eren жұптары кездеседі.
ҰЙЫМДАСТЫРУ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Жарыстар Phygital International аясында өтіп жатыр. Жергілікті ұйымдастырушы болып «Казспортинвест» АҚ табылады, ол барлық ареналарда озық цифрлық инфрақұрылымды қамтамасыз етті, өткізу қабілеті 10 Гбит/с оптикалық желілер сигналдың тұрақтылығына кепілдік береді.
Phygital International халықаралық маркетинг және коммуникациялар жөніндегі директоры Джон Хьюитт Астанадағы турнир әлемдегі ең ірі фиджитал-аренаның қатысушыларын анықтайтынын, бұл жоғары деңгейдегі жарыстарға деген халықаралық сұраныстың артып келе жатқанын көрсететінін атап өтті. Турнир 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін «Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) жарысының тікелей бастаушысы болып табылады.
АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ
- Турнир: Phygital Contenders Astana 2026
- Мерзімі: 2026 жылғы 10-14 маусым, Астана, Қазақстан
- Дисциплиналар: Фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-би
- Ұйымдастырушы: «Казспортинвест» АҚ
- Құқық иеленуші: Phygital International
- Ресми сайт: www.astana2026.kz
ЖАРЫСТАРДЫҢ РЕСМИ НӘТИЖЕЛЕРІ
2026 жылғы 10 маусымдағы баспасөз парағына ақпараттық қосымша (1-күн)
1. Фиджитал-футбол (Phygital Football) - Топтық кезең
А тобы
|
Матч |
Цифрлық кезең |
Физикалық кезең |
Қорытынды есеп |
|
Team Cyprus - Panther Phygx |
3:1 |
6:2 |
9:3 |
|
Los Fieles - Lahore Athletics FC |
5:0 |
2:2 |
7:2 |
B тобы
|
Матч |
Цифрлық кезең |
Физикалық кезең |
Қорытынды есеп |
|
Oeste SP (OSP) - FC Royal Haki |
0:0 |
9:1 |
9:1 |
|
Noname Club - Skoljke Katic |
2:1 |
0:5 |
2:6 |
C тобы
|
Матч |
Цифрлық кезең |
Физикалық кезең |
Қорытынды есеп |
|
NS Team - JR Style |
0:0 |
2:1 |
2:1 |
|
MNK - Misa Esports |
0:1 |
13:1 |
13:2 |
D тобы
|
Матч |
Цифрлық кезең |
Физикалық кезең |
Қорытынды есеп |
|
KMF Titograd - FC Olympic Phygital |
2:1 |
1:1 |
3:2 |
|
ACF x Allur - FC Ararat-Armenia |
2:0 |
3:2 |
5:2 |
2. Фиджитал-баскетбол (Phygital Basketball) - Топтық кезең
A тобы
|
Матч |
Цифрлық кезең |
Физикалық кезең |
Қорытынды есеп |
|
BOCA - VOZDOVAC |
17:19 |
8:20 |
25:39 |
|
GEPCO - ZAGREBACKI MALISANI NITUI |
11:19 |
4:21 |
15:40 |
А тобы екінші этап
|
Матч |
Цифрлық кезең |
Физикалық кезең |
Қорытынды есеп |
|
VOZDOVAC - GEPCO |
20:8 |
20:15 |
40:23 |
|
Team Elites - BOCA |
19:17 |
18:22 |
37:39 |
B тобы
|
Матч |
Цифрлық кезең |
Физикалық кезең |
Қорытынды есеп |
|
TRIADA - MINSK |
8:19 |
19:9 |
27:28 |
|
VALENCIA BASKET - ARENA BULLS |
19:15 |
18:8 |
37:23 |
B тобы екінші кезен
|
Матч |
Цифрлық кезең |
Физикалық кезең |
Қорытынды есеп |
|
MINSK- VALENCIA BASKET |
20:12 |
10:10 |
30:22 |
|
UZBEK HYPER HOOPS - TRIADA |
20:15 |
08:22 |
28:37 |
3. Фиджитал-би (Phygital Dancing) - Біліктілік кезеңі
Қорытынды рейтинг Just Dance бағдарламасының үш раунды үшін жиналған жалпы ұпай саны бойынша қалыптасты:
- Susan Huertas (Гватемала) - 39 401 ұпай
- Sergio Mayta - 39 199 ұпай
- Andres Guardo - 39 126 ұпай
- Sagdi - 38 974 ұпай
- Viagonce - 38 930 ұпай
- Luis Carlos Soto - 38 545 ұпай
- Atakan Eren - 38 394 ұпай
- Lala Gevorgyan - 37 040 ұпай
Атлеттер Ada Petrovic, Melina Frixou және Rebecca Kone біліктілік кезеңіне қатысуын аяқтады.