16 КОМАНДА, БІР КАРТА: АСТАНАДА ӨТЕТІН GOTF 2026 ТУРНИРІНДЕ PUBG: BATTLEGROUNDS ДИСЦИПЛИНАСЫНДА КІМДЕР БӘСЕКЕЛЕСЕДІ
Астана, 2026 жылғы 29 маусым. Халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) турнирі аясында Battle Royale - PUBG: BATTLEGROUNDS дисциплинасы бойынша қатысушылар құрамы анықталды. 2026 жылдың 31 шілдесі мен 2 тамызы аралығында Beeline Arena алаңында 16 кәсіби команда 1 000 000 доллар көлеміндегі жүлде қоры үшін бақ сынайды.
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) – фиджитал және киберспорт дисциплиналарын біріктіретін инновациялық жарыс форматы. Battle Royale - PUBG: BATTLEGROUNDS дисциплинасының жарыс бағдарламасына енгізілуі киберспорттың инновациялық спорт түрлерінің іргелі элементі ретіндегі маңыздылығын көрсетеді.
Турнирге қатысушылар құрамы:
- 17 Gaming
- Anyone’s Legend
- DIGA Esports
- DN SOOPers
- FULL SENSE
- Geekay Esports
- JD Gaming
- Made in Thailand
- R8 Esports
- Shadow Esport
- T1
- Team Falcons
- Team Vitality
- The Expendables
- Twisted Minds
- Virtus.pro
Форматы:
Командалар үлкен картаға түсіп, тез «луталады», негізгі позицияларды иеленеді және біртіндеп тарылатын зонада шайқасады. Бұл зона барлық қатысушыны шешуші развязқаға жақындауға мәжбүрлейді.
Үш жарыс күні ішінде қатысушылар 15 матч өткізеді. Әр матчта командалар қорытынды кестедегі орын үшін және «фрагтар» үшін ұпай жинайды. Мұнда тек жақсы ату ғана емес, картаны сауатты оқу, дұрыс ротация таңдау, ресурстарды бақылау және қысым астында шешім қабылдай білу маңызды.
Барлық матчтың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Бәске тігілген жүлде қоры — 1 000 000 доллар.
Жарыс күндеріне билеттерді Freedom Ticketon платформасынан алуға болады. Шешуші жарыс күндеріне билеттер сатылымы 1 шілдеден басталады.
Анықтамалық ақпарат
«Болашақ ойындары» (GOTF) – фиджитал-спорт әлеміндегі ең ірі халықаралық оқиға, ол кәсіби ойыншыларды, клубтар мен жанкүйерлерді бір алаңға біріктіреді. Турнир цифрлық және физикалық белсенділіктер біртұтас дүниеге айналатын спорттың жаңа форматын көрсете отырып, фиджитал-қозғалысты дамытуда маңызды рөл атқарады.
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) халықаралық мультиспорттық турнирінің негізгі жергілікті ұйымдастырушысы – ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазспортинвест» АҚ.
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) құқық иегері – фиджитал саласындағы инновацияларды ілгерілету және енгізу бойынша әлемдік көшбасшы Phygital International компаниясы. Ол жарыс іс-шараларында физикалық спорт түрлері мен цифрлық ойындарды үйлесімді түрде ұштастырады.