Премьер-министр Олжас Бектенов «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турниріне нысандардың дайындығын тексерді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 29 шілдеде Астанада «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna басталады. Жарыс қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов турнир нысандарын аралап, инфрақұрылымның спортшыларды, делегацияларды және қонақтарды қабылдауға соңғы дайындығымен танысты.
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna - дәстүрлі және цифрлық спортты біріктіретін жаңа буынның халықаралық фиджитал-турнирі. Жарыстар 4 гибридті алаңда өтеді:
- «Samruk-Kazyna Arena» - AI-графика мен технологиялық шешімдерді қамтитын салтанатты ашылу рәсімі өтетін орын.
- «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені - турнирдің бас операциялық орталығы. Осы жерден барлық алаңдар мен қызметтердің жұмысы үйлестіріледі, мемлекеттік және жергілікті органдар жұмылдырылған. Мұнда аккредиттеу орталығы да жұмыс істейді.
- Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы - тактикалық бағыттарға арналған арена.
- Beeline Arena ұлттық теннис орталығы - шутерлер мен корольдік шайқастарға арналған жоғары технологиялық алаң.
Турнир қатысушылары 8 бағыт бойынша бақ сынайды:
- Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna
- Phygital Basketball Presented by Halyk Fund
- Phygital Fighting Presented by Kazzinc
- Phygital Dancing
- Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO
- Battle Royale - PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank
- MOBA PC Dota 2 Presented by Bank CenterCredit
- MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM
Турнирге әлемнің жетекші командалары қатысады, олардың қатарында Team Spirit, Virtus.pro, T1, Team Falcons, Boca Juniors және Valencia Basket бар. Қазақстан атынан жарыста барлық 8 бағыт бойынша 11 команда өнер көрсетеді. Жалпы жүлде қоры 4 млн АҚШ долларынан асады, билеттер Freedom Ticketon және Freedom SuperApp платформалары арқылы сатылуда.
Ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар мен қонақтарға 1000-нан астам білікті волонтер мен тимлидер қолдау көрсетеді. Баспасөз өкілдері үшін арнайы логистика ұйымдастырылған: 30 шілде мен 9 тамыз аралығында ареналар арасында шаттлдар қатынайды, тексеріп-қарау жүргізілетін жеке кіру топтары қарастырылған.
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирін өткізу Астананың заманауи инфрақұрылымының халықаралық жарыстарға дайындығын көрсетеді және еліміздің әлемдік ірі іс-шаралар алаңы ретіндегі мәртебесін бекітеді.