Жаңалықтар

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) Powered by Samruk-Kazyna өтеді

Поделиться

2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) Powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорт турнирі өтеді. Ауқымды додаға 50-ден астам ұлт өкілдері қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар мен командалар бақ сынайды. Сондай-ақ елордаға мыңдаған шетелдік қонақ келеді. Бұл өз кезегінде оқиғалық туризмнің дамуына серпін беріп, Астананың халықаралық деңгейдегі беделін одан әрі нығайта түседі.

Турнир тек спорт саласы үшін ғана емес, ел экономикасы үшін де маңызды оқиға болмақ. Іс-шара қонақүй бизнесінің, қоғамдық тамақтану, көлік, қызмет көрсету салалары мен шағын кәсіпкерліктің дамуына оң әсер етеді. Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ірі спорттық жарыстарды жоғары деңгейде өткізе алатын заманауи мемлекет ретіндегі халықаралық имиджін күшейтуге ықпал етеді.

Екі аптаға жуық уақыт бойы Астана дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияларды біріктіретін сегіз фиджитал дисциплинасы бойынша әлемдік жарыстардың орталығына айналады. Жарыстар елорданың төрт спорт нысанында ұйымдастырылады:

  • Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені - Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna, Phygital Basketball Presented by Halyk Fund, Phygital Fighting Presented by Kazzinc
  • Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы - MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM, MOBA PC Dota 2 Presented by Centercredit
  • Beeline Arena Ұлттық теннис орталығы - Battle Royale PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank, Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO
  • «Барыс Арена» мұз айдыны - Phygital Dancing presented by Solidcore Resources

Ұйымдастырушылар қатысушылардың соңғы құрамын бекітті. Жүлделі орындар үшін халықаралық іріктеу кезеңінен өткен әлемнің үздік командалары мен спортшылары бақ сынайды. Қатысушылар қатарында Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Латын Америкасы елдерінің өкілдері бар.

Билеттерді Freedom Ticketon платформасынан, Freedom SuperApp мобильді қосымшасы арқылы немесе турнирдің ресми сайтынан сатып алуға болады. Сонымен қатар, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер үшін жарыстардың ресми онлайн-трансляциясы ұйымдастырылады.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) Powered by Samruk-Kazyna турнирінің Қазақстанда өтуі еліміздің халықаралық деңгейдегі ірі спорттық іс-шараларды өткізу әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп, заманауи спорт бағыттарын дамытуға тың серпін береді.