Болашақ ойындары 2026 (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna: билет сатып ал - жүлде ұтып ал!
2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінің әрбір қонағы тек әсерлі шоу тамашалап қана қоймай, PlayStation 5, Lenovo Legion 5 ноутбугін немесе iPhone 17 Pro Max ұтып алудың нақты мүмкіндігіне ие болады. Күн сайын Астана трибуналарында ұйымдастырушылар көрермендер арасында бағалы жүлделер ойнатады, бұл үшін тек матчқа билет сатып алу қажет.
Жүлдені қалай ұтып алуға болады
Ұтыс ойынының механикасы өте қарапайым және әр көрерменге қолжетімді:
- Freedom Ticketon сайтында кез келген дисциплинаның кез келген матчына 4 000 теңгеден басталатын билет сатып алыңыз.
- Трибунаға келіңіз, әрбір билет иесі автоматты түрде ұтыс ойынының қатысушысы атанады, қосымша тіркелу қажет емес.
- Жеңімпаз трибунада отырған барлық көрермен арасында электронды лототронның көмегімен кездейсоқ түрде анықталады.
- Жүргізуші сахнадан жеңімпаздың орнын (сектор, қатар, орын) жариялайды, содан кейін волонтер оны жүлдемен марапаттау аймағына ертіп апарады.
- Ұтыс ойыны турнирдің әр дисциплинасы бойынша әрбір ойын күні өткізіледі, демек көрермендерде кез келген матчта ұтып алу мүмкіндігі бар.
Турнирдің жүлде қоры
Неғұрлым көп матчқа барсаңыз, жүлделердің бірін үйге алып қайту мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
|
Дисциплина |
Жүлде |
Серіктес |
|
Phygital Basketball (3on3 Freestyle) |
PlayStation 5 |
Halyk Fund |
|
Phygital Football (UFL) |
PlayStation 5 |
Samruk-Kazyna |
|
Phygital Fighting (Fatal Fury: City of the Wolves) |
PlayStation 5 |
Kazzinc |
|
Battle Royale (PUBG: Battlegrounds) |
Lenovo Legion 5 |
Alatau City Bank |
|
MOBA PC (Dota 2) |
Lenovo Legion 5 |
Centercredit |
|
Phygital Shooter (Counter-Strike 2) |
Lenovo Legion 5 |
Yandex Go |
|
MOBA Mobile (Mobile Legends: Bang Bang) |
iPhone 17 Pro Max |
Freedom |
|
Phygital Dancing (Just Dance) |
Comic Con Astana 2026 билеті |
Solidcore Resources |
Ұтыс ойынына барлығы 13 PlayStation 5 консолі, 12 Lenovo Legion 5 ноутбугі, 4 iPhone 17 Pro Max смартфоны және Comic Con-ға 20 билет қатысады.
Турнир туралы
Болашақ ойындары 2026 (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna - киберспорт пен дәстүрлі спорт түрлерін біріктіретін халықаралық мультиспорттық турнир. Ол Астананың төрт аренасында өтеді: Qazaqstan спорт кешенінде, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында, Beeline Arena және Барыс Аренада. Турнир Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Астана қ. әкімдігінің қолдауымен «Қазспортинвест» АҚ ұйымдастыруымен өткізіледі.