Жаңалықтар

Болашақ Астанаға келді: «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna қарсаңында аэротакси демонстрациялық ұшуын жасады

1 / 2
Поделиться

АСТАНА, 2026 жылғы 24 шілде — «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирінің басталуына санаулы күн қалғанда Астанада алғаш рет электрлі тік ұшып-қона алатын аэротакси (eVTOL) демонстрациялық ұшуын жасады. Жоғары технологиялы әуе көлігі «Қазанат» ипподромының аумағында көкке көтеріліп, Қазақстан астанасына келіп жатқан болашақтың символына айналды.

Демонстрациялық ұшу физикалық және цифрлық спортты, инновациялар мен заманауи технологияларды тоғыстыратын турнир қарсаңындағы маңызды технологиялық оқиғалардың бірі болды.

Іс-шараға «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінің ресми маскоттары – Ойындардың төрт Қорғаушысы: Ibot роботы, Ar-Lan киберқасқыры, I-Lin және Alem бүркіті қатысты. Күшті, ақылды, технологияны және жарыс рухын бейнелейтін кейіпкерлер БАҚ өкілдері мен турнир ұйымдастырушыларымен бірге аэротаксиді алғашқылардың бірі болып қарсы алып, алдағы халықаралық жарыстың ерекше атмосферасын қалыптастырды.

Демонстрациялық ұшудан кейін AutoFlight Prosperity аппараты «Болашақ ойындары 2026» көрмесінің бір бөлігіне айналады. 29 және 30 шілде күндері аэротакси «Барыс Арена» алдындағы ашық алаңға қойылып, оны Астана тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады. eVTOL ішінде турнирдің ресми маскоттарына арналған тақырыптық инсталляция орналастырылады. Экспозиция озық технологиялардың цифрлық кеңістіктен тыс жерде де кеңінен қолданылып жатқанын көрсетеді.

Турнир барысында көрермендер пилотсыз технологиялардың практикалық қолданысын да көре алады. Барлық жарыс нысандарында арнайы пункттер жұмыс істеп, дрондар келушілер ұтып алған сыйлықтарды жеткізетін болады.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді. Турнирге 50-ден астам ұлттың 800-ден астам спортшысы қатысып, жалпы жүлде қоры 4,75 миллион АҚШ долларын құрайтын сегіз дисциплина бойынша бақ сынайды.

Жарыс бағдарламасына Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna, Phygital Basketball Presented by Halyk Fund, Phygital Shooter CS2 Presented by Yandex GO, Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources, Phygital Fighting Presented by Kazzinc, MOBA PC Dota 2 Presented by Bank CenterCredit, MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM және Battle Royale – PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank дисциплиналары енген.

Билеттерді Freedom Ticketon ресми билет операторының сайтынан және Freedom SuperApp мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.