Киберспорттың әлемдік жұлдыздары Астанаға «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турниріне келіп жатыр
АСТАНА, 2026 жылғы 25 шілде - Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турниріне қатысушыларды күтіп алуды бастады. Елордаға жетекші фиджитал және киберспорт командалары, соның ішінде ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері келуде.
Таяу күндері Астана 50-ден астам ұлттың өкілі саналатын 800-ден астам спортшының басын қосады және дәстүрлі спорт форматтары компьютерлік ойындармен, сондай-ақ заманауи технологиялармен үйлесетін әлемдік фиджитал-спорттың басты алаңдарының біріне айналады.
Елордаға алғашқылардың бірі болып Phygital Basketball Presented by Halyk Fund қатысушылары келді. Олардың қатарында, Латын Америкасындағы ең танымал спорт клубтарының бірін ұсынатын Boca Juniors және MINSK, Zagrebacki malisani NITUI, Vozdovac Belgrad, Dangerous Meridianbet, Flow Game Basketball командалары бар. Клубтың баскетбол бөлімшесі Аргентинаның қазіргі екі дүркін чемпионы және Basketball Champions League Americas жеңімпазы болып табылады. Клубтың фиджитал-командасы «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінде өнер көрсету құқығын ұлттық іріктеуде жеңіске жету арқылы алды.
Фиджитал-баскетбол қатысушыларының ізін ала елорда турнирдің басқа дисциплиналарының командаларын қабылдауға дайындалуда. Астанаға келетін ең танымал ұжымдардың қатарында, Xtreme Gaming және Vici Gaming, Team Falcons, Team Spirit, T1, Bigetron by Vitality, Twisted Minds, 17 Gaming, Aurora Gaming және The MongolZ бар. Олар MOBA PC Dota 2 Presented by Bank CenterCredit, MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM, Battle Royale - PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank, Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO және бағдарламаның басқа да дисциплиналарында өнер көрсетеді.
Спорт нысандарында соңғы дайындық жұмыстары аяқталуда. Турнир барысында цифрлық матчтар мен дәстүрлі жарыстарды қатысушылар мен көрермендерге арналған интерактивті аймақтар мен технологиялық шешімдер толықтыратын болады.
Командалардың келуі турнирдің басты оқиғаларының басталуын білдіреді. Фиджитал және киберспорт жанкүйерлері бұған дейін халықаралық трансляциялар кезінде өнер көрсетуін бақылаған ойыншылар мен ұжымдарды тікелей көре алады.
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Бағдарлама жарыстардың физикалық және цифрлық форматтарын біріктіретін сегіз дисциплинаны қамтиды. Билеттерді ресми оператор Freedom Ticketon-нан және Freedom SuperApp мобильді қосымшасынан алуға болады.