Жаңалықтар

Астана әлемдік фиджитал-спорттың орталығында: «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna жаңа командалары келіп жатыр

1 / 4
Поделиться

АСТАНА, 2026 жылғы 25 шілде - Қазақстан астанасы «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирінің қатысушыларын күтіп алуды жалғастыруда. Әуежай фиджитал және киберспорт ұжымдарын қабылдай отырып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елордаға Phygital Basketball Presented by Halyk Fund дисциплинасының алғашқы қатысушылары келген болатын. Олардың қатарында - MINSK, Zagrebacki malisani NITUI, Vozdovac Belgrad, Dangerous Meridianbet, Flow Game Basketball ұжымдары, сондай-ақ Латын Америкасының танымал спорт клубтарының бірі саналатын Boca Juniors құрамы бар.

Дәл қазір қатысушылар тізімі толыға түсуде: жаңа ғана Астанаға Handsome MDMX және Triada командалары ұшып келді.

Таяу күндері қала 800-ден астам спортшының басын қосады. Біз MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit, MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM, Battle Royale - PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank және Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO дисциплиналарында өнер көрсететін киберспорт ұйымдарының ұшып келуін күтіп отырмыз.

Күтілетін командалар тізімінде Xtreme Gaming, Vici Gaming, Team Falcons, Team Spirit, T1, Bigetron by Vitality, Twisted Minds, 17 Gaming, Aurora Gaming және The MongolZ мәлімделген.

Спорт нысандарында жабдықтарды тексеру, сондай-ақ физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін инфрақұрылымды дайындау жұмыстары аяқталуға жақын.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Бағдарлама сегіз дисциплинаны қамтиды. Билеттерді Freedom Ticketon ресми операторынан және Freedom SuperApp мобильді қосымшасынан сатып алуға болады.

Қысқаша анықтама

Фиджитал (Phygital) - Physical (физикалық) және Digital (цифрлық) сөздерінің қосындысы. Бұл дәстүрлі спорт пен киберспорттың бірігуі. Мысалы, спортшылар алдымен баскетболды компьютерде ойнайды, содан кейін жинаған ұпайларын сақтай отырып, нағыз баскетбол алаңына шығып, ойынды доппен жалғастырады.

ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирінің ұйымдастырушысы - «Қазспортинвест» АҚ. «Игры Будущего 2026» (GOTF 2026) құқық иеленушісі - Phygital International.