Жаңалықтар

Гватемаладан Оңтүстік Африкаға дейін: Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінің жаңа делегацияларын қарсы алуда

1 / 5
Поделиться

АСТАНА, 2026 жылғы 26 шілде - Қазақстан елордасына «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирінің шетелдік қатысушыларының кезекті легі ұшып келді. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Гватемала, Испания, Франция, Оңтүстік Африка және Ресей спортшылары күтіп алынды.

Келген атлеттердің барлығы Phygital Basketball Presented by Halyk Fund пәнінде өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елордаға фиджитал-баскетболдың алғашқы қатысушылары келген болатын. Олардың қатарында - MINSK, Zagrebacki Malisani NITUI, Vozdovac Belgrad, Dangerous Meridianbet, Flow Game Basketball, Boca Juniors ұжымдары, сондай-ақ Handsome MDMX және Triada командалары бар.

Таяу күндері қала спортшыларды қабылдауды жалғастырады. Алдағы уақытта MOBA PC Dota 2 Presented by Bank CenterCredit, MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM, Battle Royale - PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank және Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO пәндерінде бақ сынайтын киберспорт ұйымдарының келуі күтілуде.

Күтілетін командалар қатарында Xtreme Gaming, Vici Gaming, Team Falcons, Team Spirit, T1, Bigetron by Vitality, Twisted Minds, 17 Gaming, Aurora Gaming және The MongolZ мәлімделген.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Бағдарлама сегіз пәнді қамтиды. Билеттерді ресми оператор Freedom Ticketon-нан және Freedom SuperApp мобильді қосымшасынан алуға болады.

ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирінің ұйымдастырушысы - «Қазспортинвест» АҚ. «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) құқық иеленушісі - Phygital International.