«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna: Астанада жаңа форматтағы жарыстар басталды
АСТАНА, 2026 жылғы 29 шілде - Елордада классикалық спортты, киберспортты және заманауи технологияларды біріктіретін халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирі басталды. 9 тамызға дейін жалғасатын жарыс аясында Астана фиджитал спорттың әлемдік орталығына айналып, 50-ден астам ұлттың 800-ден астам спортшысы жаңа буын форматындағы бәсекеде бақ сынайды.
Турнирдің алғашқы дисциплинасы Phygital Basketball Presented by Halyk Fund болды. Жарыстар «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтіп, командалар алдымен цифрлық кезеңде бақ сынасып, кейін баскетбол алаңында өзара мықтыны анықтады.
Алғашқы кездесуде Zagrebacki malisani NITUI GTB KZ командасын жалпы 34:17 есебімен жеңді. Цифрлық кезең 29:10, ал физикалық кезең 15:7 есебімен аяқталды. Келесі матчта Dangerous командасы HandsomeMDMX ұжымын 37:31 есебімен ұтты.
Бірінші жарыс күні аясында топтық кезеңнің басқа да кездесулері өтті. LIGA PRO TEAM командасы MINSK ұжымын жалпы 30:27 есебімен жеңді. Цифрлық бөлімде есе жібергеніне (11:19) қарамастан, олар баскетбол алаңындағы айырмашылықтың орнын толтыра алды (19:8). Flow Game Basketball симулятор кезеңіндегі басымдықтың (20:5) арқасында Team Apex командасынан басым түсті (34:22).
Vozdovac Beograd пен Triada матчында 34:25 есебімен Triada командасының жеңісі тіркелді, бұл ретте физикалық кезең тең есеппен (14:14) аяқталды, ал ойын тағдыры цифрлық ортада шешілді (20:11). Турнир қожайындары PBC "Astana" клубы Paris Phygital командасына 22:25 есебімен жол берді. Клубтың нақты паркеттегі жеңісіне (13:6) қарамастан, киберспорт кезеңінен кейінгі алшақтық (9:19) шешуші болды.
Valencia Basket екі дисциплинада да көшбасшылықты сақтап (симуляторда 20:15 және паркетте 12:11), Boca Juniors командасын ұтты (32:26). Ойын сериясын Club Pepesqueros пен Wilders матчы қорытындылады, мұнда цифрлық ортадағы сәтті өнер көрсетудің арқасында (20:10) жеңіс Wilders командасына (30:21) бұйырды.
«Болашақ ойындарының 2026» басты ерекшелігі - фиджитал формат. Дисциплинаға байланысты қатысушылар алдымен цифрлық ортада бақ сынап, кейін бәсекені нақты спорт алаңында жалғастырады. Жеңімпаз екі кезеңнің жиынтық нәтижесі бойынша анықталады.
Турнир бағдарламасына сегіз дисциплина енген: Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna, Phygital Basketball Presented by Halyk Fund, Phygital Fighting Presented by Kazzinc, MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM, MOBA PC Dota 2 Presented by Bank CenterCredit, Battle Royale - PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank, Phygital Shooter CS2 Presented by Yandex GO және Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources.
Турнир барысында Астананың ірі спорт нысандары жаңа буын жарыстарының алаңына айналады. Мұнда цифрлық технологиялар, киберспорт және дәстүрлі спорт түрлері тоғысып, халықаралық спорттық жарыстардың жаңа форматын қалыптастырады.