«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna: екінші ойын күні баскетболдан топтық кезеңнің жаңа көшбасшылары анықталды
АСТАНА, 2026 жылғы 30 шілде - Халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирі аясында «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің алаңында Phygital Basketball Presented by Halyk Fund дисциплинасы бойынша топтық кезеңнің екінші раунд матчтары өтті.
A тобындағы матчта HandsomeMDMX командасы GTB KZ ұжымын жалпы 30:27 есебімен жеңді. Кездесудің тағдыры цифрлық ортада шешілді (5:20), ал паркетте басымдық GTB KZ (22:10) жағында болды. B тобында MINSK клубы Team Apex командасын 32:20 есебімен сенімді түрде ұтып, физикалық бөлімде (12:19) жол бергеніне қарамастан, цифрлық кезеңдегі шешуші үзілістің (20:1) арқасында жеңіске жетті.
Одан кейін A тобында Dangerous командасы Zagrebacki malisani NITUI ұжымын 36:31 есебімен қапы қалдырды. Цифрлық кезең Dangerous (14:19) пайдасына аяқталды, ал физикалық кезең тең түсті (17:17). B тобындағы кездесу LIGA PRO TEAM командасының Flow Game Basketball ұжымынан 38:27 есебімен басым түсуімен аяқталды: цифрлық бөлімде есе жібергеніне (18:19) қарамастан, команда баскетбол алаңында (20:8) есе қайтара алды.
Турнир қожайындары, PBC “Astana” клубы цифрлық (14:19) және физикалық (8:14) кезеңдерде де үстемдік танытып, Vozdovac Beograd командасын 33:22 есебімен жеңді. C тобында Triada командасы Paris Phygital ұжымын 31:28 есебімен ұтты: цифрлық кезең қарсыластың еншісінде кетті (15:19), бірақ паркеттегі басымдық (16:9) шешуші болды.
D тобында Boca Juniors командасының Club Pepesqueros үстінен 37:35 есебімен жеңісі тіркелді - цифрлық бөлімдегі сәттілікке (20:10) қарамастан, команда нақты алаңда (17:25) есе жіберді, алайда жалпы басымдықты сақтап қалды. Күннің қорытынды матчы екі кезеңде де - цифрлық (17:20) және физикалық (15:18) басым түскен Wilders командасына табыс әкелді, олар Valencia Basket ұжымын 38:32 есебімен ұтты.
Екінші айналымның барлық кездесулері «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің алаңында толығымен аяқталып, келесі жарыс кезеңі алдында A, B, C және D топтарындағы күштердің орналасуын анықтады.
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінің басты ерекшелігі - фиджитал формат. Оның аясында қатысушылар алдымен цифрлық ортада бақ сынап, кейін бәсекені нақты спорт алаңында жалғастырады, ал қорытынды екі кезеңнің жиынтық нәтижесі бойынша анықталады.
Турнир жарыстары 9 тамызға дейін Астананың ірі спорт нысандарында жалғасады. Мұнда цифрлық бәсекелестік физикалық күреске ұласып, реакция жылдамдығы, тактика және технологияларды меңгеру спорттық дайындықпен және командалық жұмыспен ұштасады.