2026 жылғы «Болашақ Ойындарының» (GOTF2026) ресми символдары классикалық спорт пен цифрлық кеңістікті біріктіретін төрт жарқын кейіпкер болды. Әрбір Қорғаушы жарыс рухының ерекше қырын көрсетеді: күш, тактика, техника және ойынға деген құштарлық. Олар бірге спорт пен цифрлық энергия тоғысатын, ал адалдық пен жеңіске деген ұмтылыс басты құндылықтарға айналатын тұтас бір әлемді қалыптастырады.

Ibot роботы
ТЕХНИКА
Ibot роботы

Эпос кейіпкеріндей адал әрі мәртебелі, ол достық пен рух күшіне сенеді. Оның титан мен неоннан жасалған корпусы жарқыраған өрнекпен безендірілген. Жеңістерден кейін ол би билеп, қуаныштың ойынның бір бөлігі екенін еске салады. Ол қуатты энергетикалық әлеуетке ие: қарсыласын қуаттан ажырата алады немесе кез келген техникалық нысанды қайта іске қоса алады.

Ar-Lan киберқасқыры
ТАКТИКА
Ar-Lan киберқасқыры

Дала желіндей жеңіл әрі жылдам ол физикалық және виртуалды әлемдер арасында тепе-теңдік сақтайды. Оның көгілдір голографиялық жарқылы бар күміс түсті жүні мен кибер-көзілдірігі заманауи тәлімгер бейнесін қалыптастырады.

Ar-Lan — дана философ әрі сенімді серіктес, алайда қажет сәтте жыртқышқа айналады. Киберкеңістікте ол — қарсыластың қозғалысын алдын ала болжайтын «цифрлық түйсікке» ие мерген. Оның ерекше қабілеті — қарсыластарды баяулатуға мүмкіндік беретін «уақытты жеделдету».

I-Lin қызы
БАТТЛ
I-Lin қызы

Харизмалы әрі батыл ол әрқашан әділ ойнайды, бірақ қарсыластарына сын тастауға ешқашан қорықпайды. Спорттық садақ пен геймерлік жабдықты үйлестірген гибридті костюмі оның бейнесін ерекше етеді.

Жеңіс кезінде оның кроссовкалары түсін өзгертеді, ал трансформер-рюкзагы кез келген жағдайда көмектеседі. Киберкеңістікте оның аумағы — DOTA және MLBB. Ол команданы шабыттандырып, шайқастың нәтижесін жиі шешеді.

Alem бүркіті
СПОРТ
Alem бүркіті

Алтын қауырсындары мен қанаттарындағы кибер-өрнегі бар жауынгер бүркіт. Оның аэродинамикалық бейнесі шапшаңдық пен қуатты білдіреді. Alem жарысуды және импровизация жасауды жақсы көреді.

Ол шынайы әлемде де, киберкеңістікте де күрескер, футболшы және баскетболшы. Әлемдер арасында қалықтай отырып, ол петроглифтер түріндегі цифрлық із қалдырады. Оның ерекше қабілеті — «қыран көзі», яғни ойын жағдайларын жылдам талдау мүмкіндігі.

Билет сатып алу

Волонтер болу

БОЛАШАҚ ОЙЫНДАРЫ 2026-ның БІР БӨЛІГІ БОЛУҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?

Волонтер болу

ӨТІНІМ БЕРУ