Dota 2 ресми түрде Астанада өтетін «Болашақ ойындары 2026» бағдарламасына енді
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) MOBA PC әйгілі Dota 2 ойынымен ұсынылады. Бұл туралы турнирдің құқық иесі — Phygital International компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Dota 2-нің жарыс бағдарламасына енгізілуі іс-шараның фиджитал және киберспорт әлеміндегі жаһандық деңгейдегі маңызды оқиға ретіндегі мәртебесін нығайтады.
- Күндері, орны және жүлде қоры
Dota 2 бойынша ең мықты командалар 2026 жылғы 31 шілде мен 5 тамыз аралығында Қазақстанның астанасы — Астана қаласында офлайн форматта бақ сынайды.
Бұл дисциплинаның жүлде қоры 1 000 000 АҚШ долларын құрайды.
- Өтетін орны
MOBA PC жарыстары Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл кешен Астанадағы халықаралық деңгейдегі жетекші спорт нысандарының бірі болып саналады. Заманауи арена 5000 көрерменге арналған және әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге бейімделген.
- GOTF 2025-тегі Dota 2 жетістігі
Dota 2 «Болашақ ойындары» тарихында ерекше із қалдырды. 2025 жылы Абу-Дабиде өткен турнирде Win командасы барлық матчта жеңіске жетіп, нағыз сенсация жасады. Гранд-финалда олар аңызға айналған Vikings командасын 2:0 есебімен жеңіп, «Болашақ ойындары 2025» чемпионы атанды.
- Турнирдің ауқымы
Dota 2 «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) бағдарламасына кіретін сегіз дисциплинаның бірі болады. Жалпы турнирге 50 елден 900-ден астам қатысушы қатысады деп күтілуде, ал Астана ареналарындағы көрермен саны 100 000 адамнан асады деген болжам бар.