Жаңалықтар

«Болашақ Ойындары 2026» пошта маркасына шықты: Қазақстандағы тұңғыш фиджитал-турнир

Поделиться

Астана, 23 маусым. «Қазпошта» АҚ спорт пен цифрлық технологиялар бір арнаға тоғысқан бірегей оқиға - «Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) халықаралық турниріне арналған бір маркалы жаңа пошта блогын ұсынады.

Бұл шығарылым жаңа жарыс форматы - фиджитал-спорттың тууын көрсетеді. Мұнда физикалық күш пен төзімділік цифрлық әлемнің жылдамдығымен, стратегиясымен және технологияларымен толықтырылады.

Таралымы - 3 000 дана; басып шығарылған орны - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы; суретшісі - Т. Бердібаев.

«Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) турнирі туралы

«Болашақ Ойындары 2026» — фиджитал-жарыс (physical + digital) тұжырымдамасы аясында дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияларды біріктіретін жаңа форматтағы халықаралық мультиспорттық турнир.

  • Өтетін мерзімі: 2026 жылғы 29 шілде – 9 тамыз, Астана қаласы
  • Қатысушылар: халықаралық клубтарға біріккен 50-ден астам ұлттың 800-ден астам спортшысы
  • Жүлде қоры: 4 миллион АҚШ долларынан астам
Турнирдің қамтитын бағыттары:
  • Фиджитал-футбол UFL
  • Фиджитал-баскетбол 3on3 FreeStyle
  • Фиджитал-шутер CS2
  • Фиджитал-би Just Dance
  • Фиджитал-жекпе-жек Fatal Fury: City of the Wolves
  • Дербес компьютердегі MOBA Dota 2
  • Мобильді құрылғылардағы MOBA Mobile Legends: Bang Bang
  • Корольдік шайқас PUBG: BATTLEGROUNDS

Негізгі ареналар: «Барыс Арена», Beeline Arena, Qazaqstan жеңіл атлетикалық кешені, Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы.

Турнир Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық жобалардың біріне айналып, елдің инновациялық спорт пен цифрлық технологиялар орталығы ретіндегі мәртебесін нығайта түспек. Жарысқа 100 мыңнан астам көрермен келеді деп күтілуде, ал оның трансляцияларын әлем бойынша миллиондаған жанкүйер тамашалай алады. Бұл шара Қазақстанның инновациялық спорт орталығы ретіндегі беделін арттырады, ал жаңа пошта блогы болашақ спортының символына айналады.

Анықтамалық ақпарат

«Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) халықаралық мультиспорттық турнирінің негізгі ұйымдастырушысы - «Қазспортинвест» АҚ.

«Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) құқық иеленушісі - Phygital International. Бұл компания жарыстарда физикалық спорт түрлері мен цифрлық ойындарды үйлесімді ұштастыра отырып, фиджитал саласындағы инновацияларды ілгерілету мен енгізудегі әлемдік көшбасшы болып табылады.

«Болашақ Ойындары 2026» (GOTF 2026) халықаралық турниріне билеттерді Freedom Ticketonплатформасынан сатып алуға болады.

Билет сатып алу

Волонтер болу

БОЛАШАҚ ОЙЫНДАРЫ 2026-ның БІР БӨЛІГІ БОЛУҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?

Волонтер болу

ӨТІНІМ БЕРУ